«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қалада қандай инвестициялық жобалар жүзеге асуда?

Қалада қандай инвестициялық жобалар жүзеге асуда?
ашық дереккөз
Қалада қандай инвестициялық жобалар жүзеге асуда?
Идеяны игілікке айналдыратын инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ: «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны – 1 млрд 870 млн теңге, қуаттылығы – жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны – 2 млрд 177 млн теңге, қуаттылығы – жылына 200 мың тонна, 297 жұмыс орындары ашылуы күтілуде. Ал 2020 жылы жалпы құны 22 млрд 251,0 млн теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 264 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде. Олар; «СП-Тараз PET» ЖШС-нің қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу (полиэтилентерефталат рециклингу) бойынша зауыт салу жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 3 млрд 860,0 млн теңге. Жобаның қуаттылығы – 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік. Екіншісі, Ekojer» ЖШС-і – «Қоқыс өңдеу зауыты», жоба құны – 17,5 млрд теңге, жылдық қуаттылығы – 100 мың тонна қоқыс, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарланып отыр. Үшіншісі «TARAZLING» ЖШС-і сұйытылған табиғи газды (метан) өндіру. Жобаның құны – 891,0 млн теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарланып отыр. Сонымен қатар индустриалды картасынан тыс, «GOODLOOK» ЖШС-нің күнбағыс пістесінен май өндіру зауытының құрылысын жүргізу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны – 1 млрд 264 млн теңге, қуаттылығы – жылына 160,0 мың тонна, 36 адамды жаңа жұмыспен қамтымақ.

Ұқсас жаңалықтар