Жаңалықтар
Ұлыбритания 2030 жылға дейін темекіден түбегейлі бас тартпақ
- author «Ақ жол»
- 24 шілде, 2019
- 159
Ұлыбритания 2030 жылға дейін темекіден түбегейлі бас тартпақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания үкіметі «2020 жылдары халықтың денсаулығын жақсарту тұжырымдамасын» ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА BBC-ге сілтеме жасап. Оның
негізгі мақсаттарының бірі – 2030 жылға дейін темекіден түбегейлі бас тарту.
Ұлыбритания
әлемдегі темекіге қарсы ең қатаң заңды ұстанатын мемлекеттердің бірі болып
табылады. 1985 жылы бұл елде теледидардан, ал 2003 жылы – жарнама тақтасынан
темекіні жарнамалауға тыйым салынды; 2005 жылдан бастап темекі компанияларына
көпшілікке арналған іс-шараларға және
спорттың жарыстарға демеуші болуға рұқсат етілмейді.
2007
жылы Ұлыбритания әлемдегі алғашқы ел болып мейрамханалар мен дәмханаларда
темекі тартуға тыйым салды. Елдегі барлық әуежайлар шылымқорларға арналған
бөлмелерді алып тастады. Дәл сол 2007 жылы билік өкілдері темекі сатып алуға
рұқсат етілетін жасты 16-дан 18-ге дейін көтерді.
2010
жылдардан бері елде ұдайы шылымнан бір айға бас тартып, нәтижесін көруге
шақыратын Stoptober сынды науқандар өткізіліп тұрады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді