Қанат Ислам Президентке алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды. Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram-аккаунтында Қанат Исламмен бірге жұдырығын түйіп тұрып түскен суретін жариялаған болатын. Мемлекет басшысы сол кезде боксшыға алдағы жекпе-жектерінде сәттілік тілеген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




