Жаңалықтар
Асқар Мамин Арыстағы үйлер мен нысандардың жөндеу жұмыстарын тексерді
- author «Ақ жол»
- 19 шілде, 2019
- 631
Асқар Мамин Арыстағы үйлер мен нысандардың жөндеу жұмыстарын тексерді
Үкімет басшысы Арыс қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде қаланы қалпына келтіру бойынша жұмыстарға барлық өңір, ұлттық компаниялар, еліміздің ірі бизнес өкілдері белсене қатысып жатқанын атап өтті.
ҚР Премьер-Министрі зардап шеккен бизнес нысандарын, көлік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру нысандарын дайындау бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.
Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин салынып жатқан тарихи-мәдени орталық аумағында "Ұлы дала Елі" орталығын, Қ. А. Яссауи музейін салу бойынша жұмыстардың барысымен танысты. Сонымен қатар Асқар Мамин Ұлы Жібек жолының қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратын, келу орталығын реконструкциялау, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың салыну барысын көрді.
ҚР премьер-министрі әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи мақсатта салынып жатқан нысандарды көрді, жергілікті стадион, оқушылар сарайы, әкімдік, Халыққа қызмет көрсету орталығы, медиа орталық, конгресс-холл ғимараты, "Нұр-Сұлтан" алаңы, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, музыка мектебі, бассейні бар оқушылар сарайы, аттракциондары бар қалалық саябақ, неке сарайы, Қазақ драма театры ғимараты, музыкалық фонтан мен амфитеатр салынып жатқан құрылыс алаңдарында болды.
Асқар Мамин Түркістан қаласында Тұңғыш Президенті паркінің абаттандырылу, облыс орталығының орталық бөлігінің реконструкциялану және Арбаттың салыну барысын көрді, сондай-ақ Түркістандағы Ескі археологиялық паркінің жобасымен танысты. Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




