Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы ахуалды талқылады. Әңгіме барысында Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қантөгісті, әсіресе бейбіт тұрғындардың арасындағы қантөгісті тоқтатудың және Украина дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен даму перспективалары жайлы сөз қозғады. Бұған дейін Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал мен Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкцияларын телефон арқылы талқылағаны хабарланған болатын. Сөйлесу кезінде «Еуразиялық үштік» пен Украина тарапының Минскіде кездесуі мүмкін екені айтылды. Өткен аптада Назарбаев Владимир Путинмен және Александр Лукашенкомен де телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Беларусь басшылары Ресей мен басқа елдердің және халықаралық ұйымдардың Украинадағы жанжал аймағындағы бейбіт тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі қадамдарына қолдау білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




