Илья Ильин Олимпиадаға бара ма?
6-7 шілде күндері Жапонияның астанасы Токиода ауыр атлетикадан Олимпия ойындарына сынақ режіміндегі және Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Бұл байрақты бәсекеде еліміздің намысын үш зілтемірші қорғайды. Атап айтқанда, әлем чемпионы Илья Ильин мен Азияның қола жүлдегері Ибрагим Берсанов 109 келіге дейінгі салмақта, қыздар арасында Лариса Кобелева 87 келі салмақта бақ сынайтын болады. Олар шамамен 7 шілде күні жарыс жолына шығады. Әрине, Ибрагим мен Лариса да аянып қалмайтыны анық. Елдің назары үлкен спортқа қайта келген Ильяға ауып отыр. Басынан талай жағдайды өткізген белгілі спортшыға Олимпиада жолдамасы бұйырар ма екен?
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




