Ректордың жүлдесі
Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында кіші футболдан «Ректор кубогі» турнирі өтті. Жарыстың ашылу салтанатында университет ректоры Ержан Әмірбекұлы сөз сөйлеп, футбол додасына сәттілік тіледі.
Мұнан соң қатысуға ниет білдірген алты команда ойынды бастап кетті. Атап айтқанда «Jambyl TV», «77 TV», «Arai» газеті, «Taraz-Press» орталығы, меншікті тілшілер және «Ұстаздар» командалары жеңіс жолында тер төкті. Нәтижесінде ТарМПУ-дың «Ұстаздар» командасы жеңімпаз атанса, «Taraz-Press» командасы екінші, «77 TV» құрамасы үшінші жүлдені иеленді. «Ең үздік ойыншы» аталымына Әлқуат Мамытқұлов, «Ең үздік қақпашы» аталымына Нұрбол Қыстаубеков лайық деп танылды. Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




