Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт сарайында республикалық V Паралимпиадалық ойындарға іріктеу жарысы өтті. Шараның ашылу салтанатында аталған басқарма басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іріктеу жарысы пауэрлифтинг, волейбол (отырып ойнау), жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, парадзюдо, ядро лақтыру, найза лақтыру түрлері бойынша өткізілді. 52 спортшы бақтарын сынады. Қызықты өткен жарыста парадзюдо бойынша 60 келіде Әділет Адамбеков, 66 келіде Бақытжан Жұмаділ, 73 келіде Ахмед Ахмедов, 81 келіден жоғары салмақта Абай Ерболұлы жеңімпаз атанды.Үстел теннисінен ерлер арасында Айдос Мұқашев, әйелдер арасында Флора Ем топ жарды. Пауэрлифтинг спорты бойынша 54 келіде Фахритдин Акрамов, 80 келіде Асылбек Хамуддуллаев, 83 келіде Асхат Жұманов, 97 келіде Бақыт Батырұлы, 107 келіде Дәурен Малижан чемпион атанды. Өзге спорт түрлерінен де нағыз мықтылар жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль, кубоктармен марапатталды. Енді осы спортшылардан 12-17 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық V Паралимпиадалық ойындарына облыстың құрама командасы жасақталады.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




