Спорт және туризм
«Әлемнiң ең үздiк боксшысы-2014» үмiткерлерiнiң көш басында Головкин келедi
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2014
- 176
«Әлемнiң ең үздiк боксшысы-2014» үмiткерлерiнiң көш басында Головкин келедi
Америкалық BleacherReport басылымы 2014 жылдың ең үздiк боксшысы атағына үмiткерлер тiзiмiн жасады.
2014 жылдың соңы таяп қалған тұста бокс әлемiнде қорытындылар жасала бастады. Қатарынан 17 мәрте нокаут жасаған WBA чемпионы Геннадий Головкин биыл әзiрге Осуману Адама мен Дэниэл Гилдi құлатқан болатын.
Головкин биыл тағы бiр кездесу өткiзуi әбден ықтимал. Оған өзге танымал боксшыларды жекпе-жекке тарту қиынға соғуда, дегенмен «Madison Square Garden» аренасында өткен кездесуден кейiн ол жұлдызды боксшылардың қатарына қосылып келедi. Кезектi жұдырықтасуға Мигель Котто немесе Андре Уордты шақыра алса, Головкин жыл боксшысы атанатыны сөзсiз. Хулио Сезар Чавеспен кездескеннiң өзiнде қазақстандық боксшы бұл атаққа лайық болар едi.
«Жыл боксшысы-2014» атағына үмiткерлер, BleacherReport:
1. Теренс Кроуфорд (АҚШ);
2. Сауль «Канело» Альварес (Мексика);
3. Мигель Котто (Пуэрто-Рико);
4. Геннадий Головкин (Қазақстан);
5. Бернард Хопкин (АҚШ);
6. Сергей Ковалев (Ресей);
7. Бермэйн Стиверн (Канада).
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Қазақ жігіті Америкада топ жарды
- 11 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді