Еркебұлан Сейдахметов «Қайратта» ойнайды
Сырт елдерде футбол клубтарымен келісімшарт жасасып, шетелде доп теуіп жүрген Еркебұлан Сейдахметов Отанымызға қайта оралды. Енді ол Алматының «Қайратының» сапында жасыл алаңға шығатын болады. «Қазақтың Мессиі» атанып кеткен Еркебұлан «Қайрат» футбол клубымен үш жылға келісімшарт жасасып отыр. Бұл туралы клубтың ресми сайтында мәлімделген. Отандасымыздың трансфер құны 300 мың еуроға бағаланған.
Тараз футбол мектебінің түлегі Еркебұлан Сейдахметов футболдағы алғашқы маусымын 2017 жылы «Тараз» командасының сапында өткізген. Сол жылы 15 ойынға қатысып, 1 гол соққан. 2018 жылы ол Ресейдің «Уфа» клубымен келісімшарт жасасып, бірнеше ойын өткізген. Арада бір жыл өткенде Еркебұлан Болгарияның «Левски» командасына ауысып, нәтижелі өнер көрсеткен. Осы клуб сапында жүріп, ел чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.
Енді Еркебұлан «Қайраттың» жағдайының жақсаруына едәуір үлес қосатыны анық. Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




