Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Нұрзат Сабыров пен Аман Қазанғапов алдағы 30 маусым күні Канаданың Тетфор-Мине қаласында шаршы алаңға шығады. Дәл осы күні еліміздің кәсіпқой бокстағы мақтаныштарының бірі – Садриддин Ахмедовтің де жұдырықтасатыны айқын болып отыр. Аталған бокс кешінде бірінші орта салмақ дәрежесінде бағын сынап жүрген С.Ахмедов мексикалық Даниел Вега Катомен қолғап түйістіреді. Даниелдің жасы 33-те. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Садриддиннің сәтті өнер көрсететініне сенімдіміз. Екінші орта салмақ дәрежесінде еліміздің намысын қорғайтын Нұрзат Сабыров өзінің оныншы жекпе-жегін өткізуге тас-түйін дайын. Оның қарсыласы – 31 жасар мажарстандық боксшы Ласло Тот. Екеуі сегіз раундқа дейін жұдырықтасады деп күтілуде. Сондай-ақ орта салмақтағы боксшы жерлесіміз, 19 жасар Аман Қазанғапов кәсіпқой бокстағы алғашқы бәсекесін Канадада өткізбекші. Ол 26 жастағы мексикалық боксшы Исмаэль Молино Мореномен жұдырықтасады. Бұл кездесу бар-болғаны 4 раундқа жоспарланған. Алғашқы жекпе-жегі екеніне қарамастан Аманның ойдағыдай өнер көрсететініне күмәніміз жоқ. Аталған бокс кеші 30 маусым күні «Хабар» телеарнасынан таңғы 7.00-де көрсетіледі.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




