Астана күні тойланады: бюджеті үш есеге қысқартылды
Ресейлік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өтеді деген ірі OPEN AIR шарасы кестеден алынды.
Сурет : Zakon.kz/Максим Золотухин28 Маусым 2019, 15:45
6 шілдеде астананың 21-ші туған күні келе жатыр. Астана күнін тойлату аясында 100-ге жуық шара өтеді, оның 73-і халық үшін тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл тойлату бюджеті үш есеге қысқартылды.
- Жылда 300-ден астам шаралар өтетін. Биыл бюджетті оңтайландыру мақсатында шаралар саны қысқартылды. Ресейлік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өтеді деген ірі OPEN AIR шарасы, басқа да шығыны көп шаралар кестеден алынды, - деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов.
- Есеп бойынша, бұл 300-400 миллион теңге. Одан аспайды. Бұл өткен жылдардағы шығындарымыздан әлдеқайда аз. Бюджетті үш есеге қысқарттық, – деп қосты ол.Әкім орынбасарының айтуынша, Астана күнін тойлатуға тыйым салуға болмайды.
- Тойлауға толық тыйым салуға болмайды. Биыл баяғыдай аста-төк болып өтпейді. Астананың 21 жылдығы биыл. Бұл астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мерекесі. Жаз уақыты. Үш күндік демалыс. Еліміздің барлық өңірлерінен демалуға халық келеді, Нұр-Сұлтанның өзінде 1,1 миллион адам бар, шетелдік туристерді қосыңыз. Жоқ, той болмайды деп тоқтатып тастауға болмайды. Түсінетін шығарсыздар. Бәрімізге демалыс керек, қандай болмасын, - деп тоқтады Ерлан Каналимов.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




