Елбасы Арыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Арыс тұрғындарының тағдырына алаңдаулы екенін білдірді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күндері барлық қазақстандықтар Арыс қаласының тұрғындарының қайғысын қақ бөлісіп, алаңдауда. Нұрсұлтан Назарбаев төтен жағдайдың салдарынан зардап шеккен Арыс тұрғындарының тағдырына алаңдап отыр», - деп жазды ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында.
Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам мерт болды. Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді. Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жарылыс салдарынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, тұрғындарға барлық көмек көрсетілетіндігіне уәде берді.
Жалпы кешегі аласапыран кезде мыңдаған ата-ана баларынан көз жазып қалған болатын. Қазіргі уақытта олардың барлығы да балаларымен қауышты, барлығы дін-аман.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




