Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері арасында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты спартакиада өтті. Шараны облыстық «Еркін пікір» пікірсайыс одағы жастар клубы ұйымдастырды. Аламанның ашылу салтанатында «SK Group» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының басшысы Азамат Лесбек сөз сөйлеп, барлық командаға сәттілік тіледі. Жарысқа Тараз қаласындағы үш университет, 8 колледжден 100-ге жуық студент қатысып, бақ сынады. Волейболдан ұлдар және қыздар арасында бірнеше команда өзара кім мықтыны анықтаса, ұлдар арасында кіші футбол додасы 6 команданың арасында өтті. Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ додалары да қызықты өтті. Нәтижесінде ұлдар арасында «Аякс», қыздар арасында «Бірлік» командалары жеңімпаз деп танылды. Спартакиаданы «Жасыл ел» жобасының үйлестірушісі Нұрсейіт Қарабаев қорытындылап, жеңімпаз командаларды кубокпен және дипломмен марапаттады.
Балым Өскенбай, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




