Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев эвакуацияланған тұрғындармен кездесті
- author «Ақ жол»
- 25 маусым, 2019
- 501
Қасым-Жомарт Тоқаев эвакуацияланған тұрғындармен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қала қалпына келтіріледі, бәрі дұрыс болады. Бұл төтенше жағдай, апат. Қайтеміз, кейбір уақытта солай болады. Үкімет ақша, қаражат береді, көмектеседі, алаңдамаңыздар!. Бәрі жақсы болады. Жөндеу жұмыстарын жасап береміз. Үкімет қанша қаражат керек екенін санайды. Содан кейін қаражат бөлеміз. Бәрін түсініп отырмын, бәрі жақсы болады. Әдейі келіп отырмын», - деді Мемлекет басшысы тұрғындармен кездесуі барысында.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Президентке Арыстағы жағдайды баяндап тұрған сәтінен суреттер жариялады. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




