Зейнет жасында болса да жеңіл атлетиканы жанына серік еткен Жақсылық Мамырбекұлы – көптеген додада талайды шаң қаптырып жүрген марафоншы. Естеріңізде болса, облысымыздың 80 жылдығына орай 80 шақырым жүгіріп өтуді көздеп отырған жамбылдық желаяқ жуырда Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына аттанбақ. Аталған шаһарда спорттың осы түрінен ХХХ халықаралық аламан ұйымдастырылады. Бұл жолғы марафонда бақ сынау үшін атлетке ұшақпен барып-қайту жолының билетін Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұқаш Ескендіров алып берген. Ақсақал демеушілік жасаған кәсіпорын басшысына алғыс ретінде жейдесіне «АО «КАЗФОСФАТ» г. Тараз «ҚАЗФОСФАТ» АҚ ҚАЗАҚСТАН» деп жаздырып алыпты. Үміткер сайысқа осы киімімен қатысатындығын айтады. Сонымен қатар Жақсылық Мамырбекұлына өзі жұмыс істейтін «Жасыл ел-Тараз» ЖШС директоры Сәкен Икрамов та қаржылай көмек беріп, қолдау көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, қария тамыз айында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ең ірі жарыстардың бірі ХХХ халықаралық марафонда да бақ сынамақ ниетте.
Альмира ОМАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




