Тараз қаласында облыстық эстетикалық топтардың ашық чемпионаты өтті. Жарысқа елімізден және сырт елдерден 20 команда қатысты. Бұл сында Алматы, Астана, Бішкек, Қызылорда, Қаратау, Тараз қалаларының командалары нәтижелі ойындарымен көзге түсті. Жарыс қорытындысында Тараз қаласының командасы жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тағынды. Екінші орынды елордалық «Астана», үшінші орынды «Астана-2» топтары иеленді. Күміс жүлдені иеленген Нұр-Сұлтан қаласынан келген команданың капитаны Алина Тілешованың әкесі Мұрат Тілешовтің елімізге белгілі футбол жұлдызы екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Атақты футболшының қызы Алина Тараз төрінде үздік өнерімен көзге түсті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




