Әлемнің үшінші "жүзмиллиардері" шықты
Франциялық бизнесмен, Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті Бернар Арно әлем бойынша байлығы жүз миллиард доллардан асатын үшінші адам атанды, деп хабарлайды Life.
Америкалық басылым бизнесменнің байлығын 100,4 миллиард долларға бағалап отыр, бұл бүгінде Словакияның Ішкі жалпы өнімінен асады, немесе Франция ІЖӨ-нің 3%-ынан асады.
Бұған дейін "жүзмиллиардер" атағына Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс пен Amazon интернет компаниясының негізін қалаушы, The Washington Post баспа үйінің иесі Джефф Безос жеткен, біріншісінің байлығы 106, екіншісінің еншісінде 119 миллиард доллар болған.
Алайда Гейтс 35 миллиард доллардан астам ақшасын қайырымдылыққа жұмсап жіберсе, Безос биыл әйелімен ажырасып, ақшасы 40 миллиард долларға кеміп қалды.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




