Ректордың жүлдесі «Қазфосфатқа» бұйырды
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде волейболдан университет ректорының жүлдесі үшін турнир өткізілген болатын. Бірнеше күнге созылған турнир өткен сенбіде аяқталды.
Бұл шараны аталған университет ректоры Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп ашып, турнирге қатысқан командалардың барлығына алғысын білдірді. Жарыстың жүлде қоры –1 миллион теңгені құрайды.
Сондай-ақ он командадан озып шыққан үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің командасы аталған турнирдің жеңімпазы деп танылып, оларға 500 мың теңге сыйлық берілді. Екінші жүлде алған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің командасы 300 мың теңге, үшінші жүлдені иеленген «Бақ Нұр –Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің волейболшылар құрамасы 200 мың теңге сыйлыққа қол жеткізді. Бұл сыйлықтар мен дипломдарды ТарМУ түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Сейітхан Мелдебеков пен аталған қауымдастықтың төрағасы Әнуарбек Әймен табыстап, жеңімпаз және жүлдегер командаларды марапаттады.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




