Бокстан 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл – болашағынан үміт күттіретін боксшы. Ол белгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің қарамағында жаттығады. Әбілхан жарақатына байланысты биыл өткен Азия чемпионатына бара алмаған болатын. Ұзақ емделуден кейін шаршы алаңға қайта оралған Әбілхан бабында екен. Ол жақында Атырау қаласында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын еске алуға арналған ХІ халықаралық турнирде 81 келіде жұдырықтасып, алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ бұл турнирде еліміздің бірнеше боксшысы чемпион атанды. Атап айтқанда 49 келіде Садай Фарзалиев, 52 келіде Олжас Байниязов, 56 келіде Айдос Арапов, 60 келіде Рустам Рустамов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Нұрқанат Райс, 91 келіде Абзал Құттыбеков, 91 келіден жоғары салмақта Нұрлан Сапарбай шын мықты екендіктерін дәлелдеді.
Eset Dosaly.Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




