Жапонияның бұрынғы елшісі: Қазақстандағы сайлауды ерекше қызығушылықпен бақыладық
- author «Ақ жол»
- 16 маусым, 2019
- 521
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияның Қазақстандағы елшісі болған Итиро Кавабата қазақстандықтарды президенттік сайлауды табысты өткізуімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен бірге, ол күншығыс елінің Қазақстандағы сайлауды асқан қызығушылықпен бақылағанын атап өтті.
«Жалпыхалықтық дауыспен сайланған Президенттің Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап, Тұңғыш Президент саясатын сабақтап, мемлекеттің әрі қарай гүлденуіне ықпал етеді деп үміттенемін. Бұл - халықаралық қауымдастық үшін өте маңызды», - деді спикер.
Сонымен бірге, И.Кавабата жаңа Президент тұсында екі елдің тығыз серіктестік қатынастарының жалғасады деп үміттенеді.
«Жапония үшін Қазақстан өте маңызды ел болған және бола да береді. Қазақстан - біздің стратегиялық серіктесіміз. Сондықтан, біздің екіжақты достық қарым-қатынастарымыздың жаңа Президент тұсында жаңа қадамдарға аяқ басарына үміттенемін», - деді дипломат.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




