Жаңалықтар
Теннис: Александр Недовесов Шымкент турнирін жеңіспен бастады
- author «Ақ жол»
- 12 маусым, 2019
- 466
Теннис: Александр Недовесов Шымкент турнирін жеңіспен бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Шымкент челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жарысқа екінші айналымнан қосылған, 7-ракетка болып тіркелген А.Недовесов дүниежүзілік рейтингте 246-орында тұрған франциялық Глеб Сахаровпен кездесті. Бірінші партия Г.Сахаровтың еншісінде кетті - 7:5. Есесіне екінші сетте қазақстандық теннисшінің басымдылығы айқын байқалды - 6:1. Үшінші, шешуші партия тартысты өрбіп, тай-брейкке ұласты. Онда А.Недовесов матчты жеңіспен аяқтай білді - 7:6 (8:6).
Бәсеке 2 сағат 39 минутқа созылды.
А.Недовесов Шымкент турнирінің ширек финалына шығу үшін канадалық Стивен Диас немесе отандасы Андрей Голубевтің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин Хертогенбос турнирінің екінші айналымына шыққан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




