Қазақстанда электр энергиясының қуаты 15 пайызға өсті
- author «Ақ жол»
- 10 маусым, 2019
- 568
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан электр энергетикасының қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы орайда ол 2050 жылы көмірдің үлесі 26 пайызға, баламалы электр энергияның үлесі 5-тен 50 пайызға дейін, яғни 10 есеге ұлғаятыны ескерілгенін жеткізді. Сонымен қатар, мұнайдың үлесі небәрі 1,5 пайызға өссе, газдың үлесінде тым қатты өзгеріс байқалмайды.
Бұдан бөлек министр Қазақстанның электр энергетикасындағы қазіргі жағдайына тоқталды.
«Бүгінде Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Оның жүйелік сенімділігі толықтай қамтамасыз етілген, осы орайда экономика мен халықтың электр энергиясына деген қажеттігі қанағаттандырылған. Елімізде электр энергиясын өндіруді 138 станса жүзеге асыруда. Қазақстан электр стансаларының бекітілген жалпы қуаты 21 902 МВт-ты құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша энергия өндіру көлемі 106,8 млрд кВтсағ-ты немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3 пайызды құрады», - деді Бозымбаев.
Оның сөзіне қарағанда, соңғы бес жылда электр стансаларының қуаты 2 470 МВт-қа немесе 2013 жылдағы деңгейден 15 пайызға артты. Бұл негізінен жылу стансалары мен жаңаратын энергия көздері есебінен өсті.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




