Қытайдағы жер сілкінісі: 9 кенші қаза тапты
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда Цзилинь провинциясының солтүстік шығысында болған 2,3 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан тоғыз кенші қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды. Бұл жайлы дүйсенбі күні «Синьхуа» агенттігі хабарлады. Агенттік мәліметінше, жер сілкінісі жексенбі күні шамамен сағат 20:00 кезінде Лунцзяпу ауданында болған. Дегенмен төтенше жағдай кезінде кеніште қанша адам болғаны айтылмай отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Шахтада жұмыс істеп жатқан барлық кеншілер жер бетіне шығарылды.
Билік оқиғаның себебін анықтауға кірісті.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




