«Ағайынның аты озғанша ауылдастың тайы озсын» деген қазақ едік. Біздің бала кезіміздің өзінде ауылдағы ағайындар есігін айқара ашып тастап, жолаушылап жүре беретін. Қыс мезгілі болса көрші-қолаңның бірі үйіне кіріп, пештегі отын маздатып қоятын. Малын қоралап, сиырын да сауа салатын. Ал, қалада көпқабатты үйлердің тұрғындары ертеңмен сыртқы ағаш және темір есікке бірнеше құлыпты салып, жұмысқа кетеді де, кешке оралып, іштен тас құлыпталып алады. Бүтіндей бір көпқабатты үйдің тұрғындарын айтпай-ақ қояйық, бір кіреберісте тұратын қазақтардың өздері бірін-бірі тани бермейді. Бір-біріне кіріп, араласып жатпағандықтан солай. Тәуелсіздікпен бірге дініміз бен діліміз қайта оралғанына жиырма жылдан асса да Ораза немесе Құрбан айт күндері де пәтерлерді аралап, айттап жүрген қалалықтарды көз шала бермейді. Тек қана отыз күн Ораза кезінде, Қадір түні қарсаңында жарапазан айтқан балалар болмаса.Тараздың он жылға жуық тұрғыны болғанда осыны байқадым. Мүмкін облыс орталығында да ынтымағы ұйыған, береке қонған ауылдай күй кешіп жатқан көпқабатты үйдің тұрғындары бар шығар. Сіздерде қалай оқырман? Көршің кім?
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Зағип жандарға арналған жаңа кітаптар жарық көреді
- 9 қаңтар, 2025
Жарқын жеңістерден үмітіміз мол
- 7 қаңтар, 2025
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді