"Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды - ҰҚК

"Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды - ҰҚК
ашық дереккөз
"Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды - ҰҚК
ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, олар күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК  баспасөз қызметі"не сілтеме жасап.
2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы "Р" және "Д" қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. 2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды. ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар