Келесіз күміс соқпақ, алтын ізбен

Келесіз күміс соқпақ, алтын ізбен
ашық дереккөз
Келесіз күміс соқпақ, алтын ізбен
(Ұстазым Ақылжан Мамытқа) Есет ДОСАЛЫ Арнайын туған күнде ақылды өлең, Ағатай, сізді өзіме жақын көрем. Ақыл аға, бір күнде туылыпсыз, Геннадий Головкиндей батырменен. Жол жүріп күміс соқпақ, алтын ізбен, Күн кешіп әдет-ғұрып, салтымызбен. Алпысыншы көктемді қарсы алдыңыз, Баяғы қарапайым қалпыңызбен! Асып тұр біреуінен бір ісіңіз, Әлі алтын бұлақтан су ішіңіз. Жиырма бес жыл «Aq jol»-да жалғасуда, «Жаңа өмірден» басталған жұмысыңыз. Қымыз ішкен кісідей әр сабадан, Хабары бар кісісіз әр саладан. Дос бар ма сізден артық әріптеске, Жастарға үйретуден шаршамаған. Қалам сілтеп тұлпардай кең тыныспен, Қашан көрсек жүресіз мол жұмыспен. Аудандарға кеттіңіз осы күнде, Қол үзіп қалмау үшін өндірістен. Сағынатын көктемді, күзді күрең, Ормандай ойларыңыз ізгі кілең. Әңгіме де жаздыңыз мөлдіретіп, Аз болса да саз болды, Сізді білем! Айттым-ау жақсылықтың тізіп бәрін, «Aq jol»-ға адал екенсіз, бір ұққаным. Жүзге жетіп көріңіз деп тілейміз, Үйдегі Ақжолдың да қызықтарын!

Ұқсас жаңалықтар