Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмі тегін көрсетіледі

Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмі тегін көрсетіледі
ашық дереккөз
Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмі тегін көрсетіледі
Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмі тегін көрсетіледіНҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Күлтегін» анимациялық фильмі тегін көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап
«7 сәуір күні QAZAQSTAN орталық концерт залында «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Кішкентай көрермендерді мультфильмнің екі сеансы күтуде. Анимация, графика жағынан шетелдік мультфильмдерден кем түспейтін туынды сағат 15.00-де қазақ тілінде, ал 17.00-де орысша көрсетілкді. Көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүгедек балалар үшін кіру тегін», - делінген QAZAQSTAN мемлекеттік концерт ұйымының Фейсбук парақшасында.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген туынды Түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің ерлігі туралы баяндайды.

Айта кетсек, аталған мәдени мекеме бұған дейінде елордалық бүлдіршіндерге тарту жасаған болатын. Наурыз мерекесі қарсаңында «Мұзбалақ» мультфильмі қазақ және орыс тілдерінде көрсетіліп, оған 5 600 кішкентай көрермен қатысты.

 

kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар