«Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық алты боксшының бесеуі финалда сүрінді

«Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық алты боксшының бесеуі финалда сүрінді
ашық дереккөз
«Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық алты боксшының бесеуі финалда сүрінді
«Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық алты боксшының бесеуі финалда сүрінді БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық алты боксшы байрақты бәсекенің финалына өткенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметіне сәйкес, ақтық сында алты спортшымыздың бесеуі жеңіліс тапты. Жеңіс тұғырынан көрінген Шалқар Айқынбай болды. 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол Өзбекстан боксшысын жеңді.

Ал 52 келідегі Олжас Байниязов, 56 келідегі Оразбек Асылқұлов, 64 келідегі Сабыржан Бекбергенов, 69 келідегі Мәулен Өскенбек және аса ауыр салмақтағы Данила Семеновтар «күмісті» қанағат тұтты.

Қазақстан қоржынында, сондай-ақ екі қола медаль бар. Оларды Ермек Мәдиев пен Әлібек Алмасбек жеңіп алған болатын.

Еске сала кетейік, Бакудегі турнирге ұлттық құраманың екінші және үшінші нөмірлі спортшылары аттанған болатын.

   

Ұқсас жаңалықтар