Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асырудың мәні зор

Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асырудың мәні зор
ашық дереккөз
Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асырудың мәні зор

Мемлекет басшысы «Borealis» компаниясымен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асырудың мәні зор екенін айтты. – Мен өзара ықпалдастығымызға қатысты күн тәртібіндегі өзекті мәселе жөнінде, әсіресе, алдағы уақытта жүзеге асырылатын Атырау облысындағы газ және химия кешенінің құрылысы туралы Сізбен пікір алмасқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Кездесу барысында Қазақстан Президентіне «Borealis» компаниясының еліміздегі негізгі жобалары мен олардың жүзеге асырылу перспективалары жөнінде баяндалды. А.Штерн өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

* * * Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесі жұмысының нәтижелері, соның ішінде судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы баяндалды. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар