Бүгіннен бастап такси жүргізушілері түбіртек беруге міндетті
- author «Ақ жол»
- 1 сәуір, 2019
- 55
Өзгерістер 1 сәуірден, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді.
Оған сәйкес, салық төлеушілер өз қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің тізімі ұзарып, 323-ке жеткен.
Такси жүргізушілерімен бірге түбіртек беруге шаштараз және сұлулық салонының қызметкерлері, ломбардтар мен қонақүйлер, құмар және бәс тігу ойындарын ұйымдастырушылар, сондай-ақ сылақ жұмыстарын орындаушылар, аудио және бейнетехникалардың, тұрмыстық электр аспаптарының бөлшек саудасымен айналысушылар міндеттелген.
Түбіртек беруге міндеттеліп отырған қызмет түрлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.
kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Хабарландыру
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді