Онжылдық перспективалары: ұлт тың жаңа игілігі

Онжылдық перспективалары: ұлт тың жаңа игілігі
ашық дереккөз
Онжылдық перспективалары: ұлт тың жаңа игілігі

Астанада Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның кезекті XVIII съезі өтті. Еліміздегі ең ірі саяси ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған кезекті съезд партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасының қабылдануымен айшықталды. Аталған құжатта Елбасының елімізді жан-жақты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға партияның қосатын нақты үлесі мен жұмысы көрсетілген. Осы үлкен белесті бағындырар жолда партияның Саяси Кеңесі мен Бюросының құрамы жаңартылып, партия жарғысына кейбір нормаларды енгізу арқылы, ең алдымен, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты партияның мемлекеттік тілдегі атауында латын әріптері қолданылатын болды. Съезд тізгінін ұстаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев алғашқы сөзді Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды.

Құрметті делегаттар және съезд қонақтары! Қадірлі партияластар!

Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 1999 жылғы 1 наурыз егемен еліміздің жылнамасына партиямыздың негізі қаланған күн ретінде енді. Тарих өлшемімен қарағанда бұл – көп уақыт емес, бірақ біз үшін тұтас дәуірге пара-пар. Ғасырлар тоғысындағы күрделі экономикалық жағдай тез арада дұрыс таңдау жасауымызды талап етті. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін бізге батыл әрі маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе, өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік. Осындай ұлы мақсатты көздеген «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналды. Сындарлы жылдарда жанымнан табылып, биік белестерді бағындыруға атсалысқан партияластарыма алғысымды білдіремін. Мен бүгін өздеріңізбен бірге атқарған жұмысымызды қорытындылап, болашақ бағдарымыз туралы ой бөліссем деймін. Ең алдымен, қол жеткізген жетістіктерімізді айшықтайтын нақты фактілерге тоқталайын. Еліміздің экономикасы айтарлықтай өсті. Сыртқы сауда айналымының көлемі 9 еседен астам артты. Қазақстанға шетелден 320 миллиард долларға жуық тікелей инвестиция тартылды. Азаматтарымыздың кірісін 16 есе көбейттік. 141 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бүкіл елімізде әлеуметтік маңызы зор жаңа инфрақұрылым нысандары бой көтерді. 1 400 заманауи аурухана, емханалар мен амбулаториялар, 2 865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақшалар ашылды. Мұның бәрі – бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. «Нұр Отан» мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін ақтап келеді, деп атап өткен Мемлекет басшысы жаңа уақыт алдымыздан жаңа сын-қатерлерді тартып отырғанын, әлем перманентті турбуленттілік жағдайына дендей еніп бара жатқанын айтты. Елбасының айтуынша, бұл жағдай рухымызды түсіріп, болашақ алдында жүрексінуге себеп болмауы тиіс. Кез келген дағдарыс түрлі сілкіністермен қатар жүреді, сонымен бір мезгілде өсуге қажетті кеңістік қалыптастырып, мүмкіндіктер терезесін ашады. Бастысы, дамудың дұрыс бағытын таңдап, қоғамды алға қойған мақсаттарға жұмылдыра білу.

Кез келген экономикалық жетістіктер мен геосаяси жеңістер, әрбір адамның әл-ауқатының артуына әкелмесе, оның үлкен мәні де, құны да болмайды. XXI ғасырдағы мемлекеттердің орнықты даму формуласы мен өркендеуінің құпиясы осында жатыр, деп атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі съезд өзінің тапсырмасымен әзірленген, партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын қарастыратынына тоқталды. Елбасының айтуынша, бағдарлама стратегиялық көзқарастың ауқымды көкжиегін ашады және қоғам мен мемлекеттің алдағы онжылдықтағы дамуының негізгі қырларын айқындайды. Өйткені алдағы он жыл біздің озық отыз мемлекеттің қатарына ұмтылуымыздағы шешуші кезең болмақ. Бұл орайда, Қазақстан Президенті біз ұлттық идеямызды басшылыққа алуға тиіс екенімізді айтты. Ал оның базалық құрамдауыштары ұлттық бірлік, бәсекеге қабілетті қуатты экономика, өркендеуші зияткер қоғам, әлемде лайықты құрметке ие ел екені белгілі. Осының бәрі Қазақстанның табысты дамуының негізі болып саналады. Өз кезегінде, Ұлттық бірлік доктринасы төрт тірекке сүйенеді: 1.Ортақ тарих; 2.Ортақ құндылықтар; 3.Ортақ Отан; 4.Ортақ болашақ. Елбасы бұдан әрі басты басымдық – азаматтардың тұрмыс деңгейін және Қазақстанның дамуын әлеуметке бағдарланған мемлекет ретінде қамтамасыз ету екеніне тоқтала келіп, тіпті ең күрделі кезеңдерде әлеуметтік міндеттемелердің орындалғанын атап айтты. Біз даму шығындарын төмендетпей, мұқтаждарға көмектесуге тиіспіз. Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 45 пайыздан астамы бағытталды. Сонымен бір мезгілде бізде белгілі бір теңсіздіктер мен әлеуметтік бөлікте проблемалы нүктелер пайда болды. Осыған байланысты мен Ұлттық қордан азаматтарымыздың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға қаражат бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкімет осы мақсатқа бөлінетін шығыстарды дұрыс әкімшілендіруі тиіс, деген Елбасы біз қазір үлкен сын-қатерлер мен жаһандық белгісіздік жағдайында өмір сүріп жатқанымызды, жинақтаған қорымыз бұдан да күрделі уақыттарда керек болуы мүмкіндігін ұмытпауды ескертті. Мемлекет басшысы атап өткендей, әлеуметтік саясат теңгерімді болуы әрі масылдық көңіл күйдің өсуіне жол бермеуі тиіс. Көмек аса мұқтаж жандарға беріліп, атаулы сипатта болуы керек. Бөлінген қаражат әрбір отбасына және нақты адамға жетуін Елбасы өзі қадағалайтын болады. Съезде мәлім болғанындай, Президенттің тапсырмасымен партия азаматтарды қатты толғандыратын мәселелерге сараптама жүргізген. Олардың қатарында балалар жәрдемақысын көтеру, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту сынды басқа да мәселелер бар. Елбасының айтуынша, оларды шешудегі партияның елеулі үлесі үш бағыттағы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру арқылы көрінбек. Бұлар: 1. Табысты арттыру және халықтың аз қамтылған бөліктерін қолдау. 2. Табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу және білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсарту. 3. Өңірлерді кешенді дамыту. БІРІНШІ. Бүгінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқат деңгейін көтеру шараларын күшейту маңызды. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1 миллионнан астам азаматтық қызметшілерді тікелей қамтиды, деп атап көрсеткен Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 шілдеден бюджеттік саланың төмен жалақылы жұмыскерлерінің еңбекақысын 30 пайызға дейін арттыруды; аудандық, облыстық деңгейлерде тікелей азаматтармен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің еңбекақысын орташа 25 пайызға көтеруді тапсырды. Бұл мақсаттарға 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді. Елбасы атап өткендей, жүргізіліп жатқан реформаның нәтижесін әрбір отбасы алыс болашақта емес, дәл бүгіннен бастап сезінуі тиіс. Әсіресе көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту қажет деп санаймын. Бүгінде елімізде шамамен 340 мың отбасының төрт және одан көп баласы бар. Балалы отбасыларды қолдауға жыл сайын 500 миллиард теңгеден аса бөлінеді. Бұл отбасылардың табыс деңгейі әртүрлі. Сондықтан мемлекет бірінші кезекте табысы төмен көп балалы отбасыларға айрықша қамқорлық танытып, назар аударуы қажет. Қазіргі кезде мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті 111 мыңнан астам отбасы (571,6 мың адам) алады. Аз қамтылған, әсіресе көп балалы отбасыларды қамту аясын кеңейту үшін Үкіметке атаулы көмек көрсету өлшемдерін ең төменгі күнкөріс шегінен (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін) 70 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар балалы отбасыларды адрестік қолдау үшін көп балалы отбасындағы әрбір балаға төленетін ең төменгі төлемді 20 789 теңге көлемінде белгілеу керек. Әлеуметтік көмек тағайындаудың барлық үдерістері барынша жеңілдетілуі және проактивті форматқа көшірілуі тиіс. Осындай отбасылардың жиынтық табысын есептегенде көп балалы отбасылар мен көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, мүгедектігі үшін балаларға берілетін жәрдемақы, стипендия сияқты жекелеген жәрдемақыларды есепке алмау керек. Нәтижесінде, 2019 жылы 830 мыңнан астам адам, соның ішінде 550 мың бала атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылады, деп атап өткен Қазақстан Президенті сондай-ақ мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршылар мен отбасыларға (тұлғаларға) жәрдемақыны 30 пайызға көтеруді тапсырды. Бұл шара 100 мыңнан астам адамды қамтиды. Оны жүзеге асыруға 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу тапсырылып отыр. Бұл ретте, әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі қағидаты әлеуметтік келісімшарт және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысуы болып қала беретінін айтқан Мемлекет басшысы әкімдерге әрбір отбасына баруды және көмекке мұқтаждарды қолдау шараларын өңірлік мүмкіндіктерді ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен күшейтуді тапсырды. Елбасының айтуынша, толық емес көп балалы отбасыларға үйде отырып жұмыс істеуге жағдай жасау, ал ауылдағы көп балалы отбасыларға гранттар мен шағын несиелердің жекелеген квотасын бөлу қисынды болмақ. Бұл жұмыстарды Үкімет пен әкімдер «Нұр Отан» партиясымен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жүзеге асыруы тиіс. Бұл ретте әкімдер мұқтаж отбасыларға көмектің өңірлік бағдарламаларын «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында қайта қарауы керек. ЕКІНШІ. Білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды да белсендіру керек. Үкіметке негізінен көп балалылар қатарындағы аз қамтылған отбасылар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу жеті жылда қосымша 50 миллиард теңге жыл сайын бөлу қажет. Сонымен қатар табысы төмен көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар үшін баспана алудың қолжетімділігін арттырған жөн. Азаматтардың осы санаттары үшін тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй қарыздарын ұсынудың жеңілдікті тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Тұрғын үй жинақ банкіне осы мақсатқа жыл сайын 50 миллиард теңге бөлінетін болады, деді Елбасы. Мемлекет басшысы білім беру саласындағы реформаны қисынды нәтижеге жеткізу керектігін де қаперге салды. Қазіргі заман балаларымыздың бойында жаңа машықтар мен дағдыларды дамытуды талап ететініне тоқталып, бұл тұстағы табыстылықтың жиынтығы педагогтердің біліктілігін ұдайы арттыру, озық материалдық база мен өзекті оқыту бағдарламасы екенін атап өтті. Елбасының айтуынша, әрбір өңірде кемінде бір озық ЖОО және 10 заманауи колледж болуы тиіс. Оқу орындары тиімділігінің басты көрсеткіші – түлектердің жұмысқа орналасуы. Еліміздің әрбір тұрғыны білімді және денсаулығы мықты болуы тиіс. Сондықтан тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Отандық медицина, ең алдымен, профилактика мен саламатты өмір салтын ынталандыруды бағдар еткені жөн. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мен бастапқы медициналық-санитарлық көмек шығыстары денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінде 40-тан 60 пайызға дейін ұлғайтылуы тиіс. Бұл – әлемдегі барлық дамыған елдердің тәжірибесі. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 миллиард теңге бөлуді тапсырамын, деді Елбасы. Мұның нәтижесінде 7 өңірде жылына 100 мың пациентті қамтитын стационарлық-медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі арта түсетін болады. Үшінші, деп атап өтті Елбасы, бүкіл еліміз бойынша өмір сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік саясатты жүзеге асыра бастау қажет. Бізде өңірлердің дамуында айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Неліктен бір облыстарда жолдар жақсы, ал басқаларында жаман? Неліктен бір жерлерде ТКШ тұрақты жұмыс істейді, екіншілерінде дәл ондай емес? Шын мәнінде жұмыс істейтін, адамдардың проблемаларын білетін және шешетін әкімдер бар. Халықпен кездесулерден ат-тонын ала қашатын және өңір халқының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына жүрдім-бардым қарайтындары да кездеседі. Әкімдерге халыққа жақын болып, оның игілігі үшін бәрін істеуге ұмтылу керек. Қазақстан Президенті өзінің сөзінде елімізде түрлі бағдарламалар бар екеніне, оған жеткілікті ресурстар бөлініп отырғанына, алайда адамдардың нақты нәтижені көрмей келе жатқандарына назар аударды. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, мұндайға жол беруге болмайды. Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер бүкіл әлеуметтік проблемаларды табандылықпен шешулері тиіс және жалған көрсеткіштерді қумаулары керек. Өйткені әр өңір стратегиялық тұрғыдан маңызды. Еліміздің өңірлік өмір сапасының жаңартылған стандарттарына негізделген Жаңа карта қалыптастыру қажет. Соңғы жылдары республикалық автокөлік желілері құрылысы бойынша аса зор, тарихи маңызды жұмыстар жүргізілді. Тұтастай алғанда, біз 12,5 мың км автомобиль жолы мен 2,5 мың км темір жол, теңіз порттарын салдық және жөндеуден өткіздік. Әрине, автобандар салған маңызды, бірақ үйге дейін жол салған одан да маңыздырақ. Заманауи жергілікті жолдар желісін кеңейту – бұл орындалуын партия бақылауына алуы тиіс Үкіметтің шешуші міндеті. Аталған мақсаттарға қосымша 350 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл шаралар 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңыздағы автожолдардың 95 пайызын жақсартуға жәрдемдеседі, деді Н.Назарбаев. Елбасы сондай-ақ өңірлік көлік инфрақұрылымдарының барлық нысаны, оның ішінде аэропорттар, авто және темір жол вокзалдары жаңғыртылуы тиіс екендігін атап көрсетті. Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардың шет аумақтарында қалыптасқан проблемаларды шешу үшін 2019-2021 жылдарға қосымша 90 млрд. теңге бөлінетін болады. Шағын және моноқалаларды дамытуға да таяудағы үш жыл бойы жыл сайын қосымша 10 млрд. теңге қарастырылады. Еліміздің барлық тұрғынының таза ауызсуға қол жеткізуі, кең ауқымды газдандыру жұмыстарын жүргізу аса маңызды басымдық болып табылады. Сумен және кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету үшін қосымша 140 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл аталған салада 2,2 млн-нан астам адамның проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ газдандыру және электрмен қамтамасыз ету жұмыстарына шамамен қосымша 190 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл шаралар газбен 1,1 млн. адамды қамтуға мүмкіндік беріп, өңірлік электрмен қамтамасыз ету сенімділігін айтарлықтай арттырады. Үкіметке аталған мақсаттарға 2019-2021 жылдарға шамамен 920 млрд. теңге қарастыруды жүктеймін. Жоғарыда айтылғандарды қаперге ала келе, «Нұр Отан» еліміздің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға екпін түсіре отырып, «Құтты мекен» партиялық жобасын іске қосуы тиіс, деді Президент. Мемлекет басшысы қолымызда 7,5 млн. ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік бар екенін көлденең тартты. Бірінші кезекте Үкіметке әкімдермен және мәслихаттармен бірлесіп, болашағы бар ауылдарды анықтау, сол жерлерде әлеуметтік саланы дамыту, интернаттар құру қажеттігін тапсырды. Біз ауылдарымызды өсім мен орнықты дамудың ошағына айналдыруымыз қажет. Ауылда халық тұтынатын тауарлар өндірісі бойынша бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тағы басқалар бойынша ҚХР-дың тәжірибесін пайдалану қажет. Сол жерлерде тұрғын үйлер, жолдар салып, коммуникациялар жүргізу, әлеуметтік нысандар тұрғызу, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сондай ауылдарға болашағы жоқ елді мекендерден адамдар көшіп баратын болады. Жұмыс істеп, лайықты өмір сүруге ауылдың әлеуеті жеткілікті. Осыған орай, Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныс әзірлеп, оны 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл жастардың ауылда орнығып қалуына көмектеседі, деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Мемлекет басшысының айтуынша, жоғарыда көрсетілген барлық бағыт пен жобаның кешенді сипаты бар, партияның ұзақ мерзімді мақсаттарымен үйлеседі және көп кешікпей-ақ адамдарға сезінетіндей деңгейде пайдасын тигізеді. Оларды таяудағы үш жылда жүзеге асыру үшін бюджеттен қосымша 2 трлн теңге бөлінетін болады. Осы қаржы кедендік әкімшілендіру мен бюджет шығыстарын түбегейлі оңтайландыру есебінен қарастырылуы қажет. Бұл арада жергілікті жерлердегі басым бағытқа ие емес, қымбат іс-шараларды күн тәртібінен шығарып тастау керек. Аталған қадамдар таяудағы үш жылда бюджетке 1 трлн. теңге түсіруге мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ Ұлттық қордан 2019-2021 жылдар ішінде қосымша 1 трлн. 350 млрд теңге бөлу қажет. Жаңа бағдарлама әлемдік шешуші трендтерді зерттеу мен Қазақстанның барлық өңіріндегі жағдайды талдау негізінде жасалды. Онда таяудағы үш жылда мемлекеттің әлеуметтік саясатының іргетасына айналатын және бүкіл он жылдықтағы перспективаны көздейтін нақты мақсаттар мен жобалар көрініс тапқан. Өздеріңіз білетіндей, деп жалғады сөзін Президент, бізде Үкімет ауысып, оның құрамы 70 пайызға жаңарды. Жаңа Министрлер кабинетіне, барлық әкімге дереу мен жариялаған тапсырмаларды жүзеге асыруға кірісу керек. Үкіметтің әр мүшесі мен әкімдер жеке жауапкершілік алады және жұмыс нәтижелеріне жеке жауап беретін болады. Партия да халықтың күнделікті мәселелерін шешуге белсенді араласуы тиіс. Бұл жұмысты «Халыққа көмек» жобасы күшейтеді ғой деп сенемін. Бүгінде қоғамның көкейкесті мәселелеріне жедел үн қатып, оларға меморгандардың назарын аударту маңызды. Бұл ең тиімді стратегия болмақ. Ол үшін халықпен кері байланыстың қуатты жүйесін қалыптастыру керек. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейту маңызды. Осы мәселеде бюрократиялық сөзбұйдалыққа жол беруге болмайды. Мұның тек мемлекеттік жеңілдіктерге ғана емес, сондай-ақ волонтерлер мен кәсіпкер-меценаттар көрсететін атаулы әлеуметтік көмекке де қатысы бар. Осылай дей келе, Елбасы «Нұр Отанның» барлық филиалы бәрінен бұрын осы жұмысқа бағдарлануы тиіс екенін атап өтті. Партия халықтың барлық жігінің мүддесін қорғап, азаматтар мен мемлекет арасын байланыстыратын шешуші буын ретінде көрінуі тиіс. Бүгінде алдыңғы орынға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың, оның ішінде әлеуметтік саладағы бағдарламалардың тиімділігі мәселесі шығып отыр. Осыған орай, мен «Нұр Отанға» Президент Әкімшілігімен бірлесіп Мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігі мен мониторингін бағалайтын орталық құруды тапсырамын. Партия алаңында әр тоқсан сайын жауапты мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды қалай орындап жатқаны туралы тыңдаулар өткізіп тұру қажет. Есептер маған беріліп тұратын болады. Солардың негізінде тиісті қорытындылар жасаймыз, деді Мемлекет басшысы. Елбасы, тұтастай алғанда, мына мәселені кезекті мәрте ерекше атап көрсетті: экономикалық даму халықтың әл-ауқатының нақты өсуіне бағытталатын болуы тиіс. «Нұр Отан» «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттің бизнесті қолдау қағидаттарын жақсарту бойынша жұмыс істеуі керек. Жемқорлықты түбірімен жою бағытындағы мақсатты жұмыстар жалғастырылғаны жөн. Президент келесі кезекте жастарға ерекше назар аударылуы қажеттігіне екпін түсірді. Өйткені жастар – болашағымыз! Осы орайда 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны атап көрсетілді. Партия мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыруға қол жеткізуі тиіс. Сонымен қатар «Нұр Отан» белсенді азаматтар үшін басты «әлеуметтік лифтілердің» бірі әрі барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі үшін кадрлардың қайнар көзі болуы керек. Заманауи басқарушылардың жаңа генерациясы «Партияның жастар резервінен» пайда болуы қажет. Барлық нұротандық нағыз патриоттар болулары және абырой-беделі кіршіксіз болулары тиіс. Партияның халық алдындағы беделі тек орталықтағы кең ауқымды акциялармен немесе іс-шаралармен ғана өлшенбейді. Партияның образы қарапайым қазақстандықтардың көз алдында жергілікті жерлердегі күнделікті жұмыстармен қалыптасады. Бастауыш партия ұйымдарының қызметі жергілікті жерлердегі және өңірлердегі мәселелерді оң шешуге қабілеттілігімен ерекшеленсін. Партиялық іс-шаралардың мазмұндылығы, әсіресе өңірлердегі мазмұндылығы үшін жұмыс істеу керек. Халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсартудағы кең ауқымды міндеттер партиядан өз ісіне деген үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Нұр Отан» қоғамдық бақылаудың басты институты болуы қажет. Партияның бағдарламасында бүгін мен айтқан барлық ұсыныстар ескерілуі тиіс, деді Н.Назарбаев. Елбасы сөзін «Нұр Отан» – толағай табыстың және болашаққа жол ашатын жарқын жетістіктердің партиясы. Біздің ұзақ мерзімді стратегиямыз, мол табиғи ресурсымыз, саяси ерік-жігеріміз бар. Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан мен өзіме сенім артқан халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді. Біздің ұстанымымыз – татулық пен тыныштық, ұранымыз – береке мен бірлік. Тәуелсіз Қазақстанның арқа сүйейтін тірегі – баянды бейбітшілік пен келелі келісім! Бас партия болу дегеніміз – басқару емес, елге адал қызмет ету! Біз – халық бірлігінің партиясымыз. Бүгінгі съезд Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына бауырымыз бүтін, аман-есен, мол табыспен жете берейік! Әрекет ететін кез келді, ағайын! Алға, «Нұр Отан»! Алға, Қазақстан! – деп аяқтады.

«Нұр Отан» – жасампаздық пен дамудың 20 жылы

Президент өзінің сөзін аяқтаған соң съезді жүргізіп отырған Төрағаның бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бірқатар шетелдік партия басшыларының атынан «Нұр Отанның» съезіне құттықтау хаттар келіп түскенін жария етті. Соның ішінде құттықтаулар ресейлік «Единая Россия», Қытай коммунистік партиясы, Түркияның «Әділет және даму», Әзербайжанның «Ени Әзербайжан», Тәжікстанның «Халықтық-демократиялық» партияларының, Вьетнамның Коммунистік партиясының төрағалары, осы елдердің басшылары В.Путиннің, Си Цзиньпиннің, Р.Ердоғанның, Ильхам Әлиевтің, Эмомали Рахмонның, Нгуен Фу Чонгтың атынан келгенін нақтылап өтті. АҚШ, Беларусь, Германия, Жапония, Италия, Қырғызстан, Молдавия, Өзбекстан, Румыния, Сингапур, Франция, Эстония және т.б. елдердің саяси партияларынан да құттықтау жеделхаттар келгені жеткізілді. Осыдан кейін сөз Алматы қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбекке берілді. «Қарапайым қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға, елдің әлеуметтік жағдайын күрт көтеруге осынша мол қаржының бөлінуі барша халқымызға жасалған үлкен қамқорлық деп білемін», деп бастады ол өзінің сөзін. Сондай-ақ Б.Байбек: «Біздің елімізде ғана емес, барлық әлемде қаржылық дағдарыс болып отырған жағдайда бұл шын мәніндегі теңдессіз шешім. Енді барлық деңгейдегі әкімдер Президенттің берген тапсырмаларын орындауға аянбай кірісулері керек. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында тиімді байланыс орнатуға дәнекер болу біздің міндетіміз», – деді. Одан әрі ол партияның жаңа жарияланған 2030 жылға дейінгі бағдарламасы халықтың көкейінде тұрған барлық мәселелерге жауап беріп, ертеңіне деген сенімді арттыратын стратегия, деді. Оның айтуынша, партияның 80 мың мүшесі бар Алматы қаласы филиалының барлық бастауыш ұйымдарында бағдарлама кеңінен талқыланды. Жүзден астам ұсыныстар түсіп, олардың бәрі ескерілген. «Бізде қарапайым халықтың мұқтаждықтары үнемі зерделеніп отырады. Соның арқасында партия қаладағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайды тұрақты түрде назарында ұстап келеді», деген ол Алматы филиалының нақты жұмыстары туралы айтып, қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыстарының тиімділігін атап өтті. «Былтыр келіп түскен 100 мыңға жуық өтініштің 70 пайызы бойынша азаматтар өз мәселелерін оң шешуге қол жеткізді. Алматыдағы коммуналдық қызметтер тарифі орта есеппен 10 пайызға төмендетілді. 2016 жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың төлемақысы азайтылды, бос тұрған 400-ден астам коттедж үйлерді пайдаланып, жекеменшік балабақшалар ашуға қол жеткізілді. Бұл бастама мемлекет қаражатын шығындамай 20 мыңнан артық бүлдіршіннің балабақшаларға орналасуына жағдай жасады. Қалалық партия конференциясының шешімімен көп балалы мұқтаж аналарды қолдау мақсатында партия атқаратын істердің жол картасы іске қосылды», – деді Б.Байбек. Келесі сөз Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Нұртай Сабильяновқа берілді. Ол басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылатын Парламент Президенттің батыл бастамаларын сапалы заңнамалармен қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп келе жатқанын жеткізді. Соның ішінде «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын» заңнамалармен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның орындалуына мониторинг жасалып жүр. Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» мен жыл сайынғы халыққа Жолдауларының ел тұрмысын жақсартуға жол ашқаны жеткізіліп, оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз еткен заңдардың қабылданғаны айтылды. «Алтыншы шақырылымда Мәжіліс депутаттары 4 мыңнан астам елді мекендерде, шалғай аудандарда болып, 10 мыңға жуық кездесулер өткізді. Осы кездесулерде барша қазақстандықтардың Елбасына деген зор құрметі мен ризашылығын көрдік. Президент бүгін де халықтың әл-ауқатын арттыра түсуді көздеген күрделі шешімдер қабылдап отыр. Осының бәрі партияның жаңа бағдарламасында қамтылған. Халықты жұмыспен қамту, тұрмысы төмен отбасыларды қолдау, тұрғын үйлер салу, жергілікті жолдарды жөндеу, медициналық көмек көрсету, ауылдарды дамыту сияқтылар халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер еді. Осы мәселелерді шешуге 2 трлн. 350 млрд. теңгенің бөлінуі – тарихи шешім деп айтуымызға құқымыз бар», – деді ол. Сонымен қатар Н.Сабильянов Елбасы көтерген «Құтты мекен – ауыл» атты жаңа бағдарламаның ауылдарды дамытуға тың серпін беретінін атап өтті. Сөз кезегі «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевке берілгенде ол партияның қабылданғалы жатқан жаңа бағдарламасы еліміздің әрбір тұрғынының өмір сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті. «Оның іске асуына біз барлық күш-жігерімізді саламыз», – деді ол. Одан әрі А.Лаврентьев отандық автоөнеркәсіптің дамуына тоқталып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға тоқталды. «Өткен жылы автоөнеркәсіп осы саладағы ең жоғарғы өсімге қол жеткізді. Оның үлесі Қазақстанның барлық машина жасау саласының 19 пайыздан артығын қамтыды. Біз былтыр 32 мың автомобиль шығардық, бұл алдыңғы жылдан 66 пайызға артық. Оның үстіне отандық сатып алушылар саны да артып келеді. Егер 2014 жылы әрбір бесінші машина ғана отандық өндірістің өнімі болса, бүгінгі таңда барлық сатып алынған автомашиналардың әрбір екіншісі өз өніміміз болып отыр. Біз қазір Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан елдеріне автомобиль экспорттаудамыз. Мұндай елдердің саны әлі де артатынына сенімдіміз. Өйткені биылға жоспарланған 50 мың автомобильдің 20 пайызын экспортқа шығаруды көздеп отырмыз. Ал жақын болашақта біз жылдық өндіріс көлемін 100 мыңға жеткізуді жоспарлап қойдық, деді ол. Одан әрі кәсіпорын басшысы қазақстандық автоөнеркәсіп әлемдік айтулы инвесторлардың да қызығушылығын тудырып отырғанын жеткізді. «Автоөнеркәсіп компаниялары өздерінің алдына Қазақстан қалаларына экологиялық жағынан таза қоғамдық көліктер шығару міндетін де алдарына қойып отыр. Осы мақсатпен былтыр біз Ақтау, Ақтөбе, Атырау қалаларына электрмен және газбен жүретін автобустар шығардық. Биыл Шымкент, Павлодар, Талдықорған қалалары үшін сондай 1500 автобус шығаруды жоспарлап отырмыз. Ал Астана мен Алматыда мұндай көліктер көптен бері бар», – деді А.Лаврентьев. Ақжаулықты аналардың аманатын арқалап келген көп балалы ана Әлия Ақбасова тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтарды көргенін, сол сәттерде бірнеше ай бойы айлық алмаған күндерді бастан өткізгенін айтып, кешегі күйімізден қазіргі күніміздің әлдеқайда жақсарғанын сөз етті. «Бүгінде мен – зейнеткермін, дегенмен қол қусырып отырған жоқпын. Аналар кеңесінің төрайымымын. Жастарға ақыл-кеңесімізді беріп, жөн сілтеп отырамыз. Жастар алдыңғы буын аналардың сабырынан, байсалдылығынан үлгі алса екен», – деді ол. Ә.Ақбасова ана ретінде көп балалы отбасына жасаған қолдаулар мен әлеуметтік бастамаларға орай қолға алынған нақты істерді жылы қабылдағанын жеткізді. «Жаңа ғана өзіңіз хабарлағандай, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетілетінін, әлеуметтік жәрдемақы көлемінің ұлғаятынын, баспана мәселесінің де оң шешім табатынын айтып қатты қуанттыңыз. Мұның бәрі – көп балалы отбасыларға үлкен өзгеріс алып келетін батыл бастамалар. Бұл біздің болашаққа деген сенімімізді арттырды», – деді Аналар кеңесінің төрайымы. Сондай-ақ ол біраз бұрын хал-ахуал мен әлеуметтік жағдайға байланысты күрт төмендеп кеткен туу қарқынының да қайта қалпына келе бастағанын айтып: «Соның бір дәлелі, қазір әр жылда 46 мың бала мектеп табалдырығын аттайды екен. Бұл керемет емес пе? Қазір аналар көп балалы болудан қорықпайды», – деді. Өз кезегінде сөз алған «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігі директорының орынбасары Иван Зенченко барлық партияластарын мерейтоймен құттықтай келе, қазірде Солтүстік Қазақстанның мақтанышына айналып үлгерген ірі кәсіпорын Елбасының бастауымен іске асырылған нақты мемлекеттік қолдаулардың арқасында аяққа нық тұрғанын айтты. «Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық саласында көш бастап тұр. Болашақта ауыл шаруашылық саласы цифрландыруға көшеді деп үміттенемін. БҰҰ-ның болжамы бойынша, «ақылды техника» алдағы 30 жылда азық-түлік өндірісін 70 пайызға арттыра алады», деді ол. Солтүстік Қазақстан облысындағы 40 мың нұротандықтың сәлемін қоса жеткізген кәсіпкер ауыл шаруашылық секторы драйверге айналуы қажет екенін тілге тиек етті. Мұнан кейін мінберге көтерілген «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазиз жылдар бойы жол азабын тартып келген тасқалалықтардың алғысын ала келгенін айтты. Аталған жол, яғни ұзындығы 104 шақырым болатын Орал-Тасқала жолы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Бұл, оның айтуынша, еліміздің батыс өңіріндегі шекара бойында орналасқан, 18 мыңнан аса тұрғыны бар аудан замана игіліктерін кеңінен пайдаланатынын айқын аңғартады. Болашақтағы бағыт-бағдарға тоқталған ол: «Сіз 2030 жылға дейін халықтың таза ауызсумен толық қамтылатынын айттыңыз. Осы тапсырма аясында ауданымыздағы шалғайда жатқан 6 бірдей елді мекеннің таза ауызсумен қамтылғанын, тасқалалықтардың таза ауызсумен қамтылуы 95 пайызға, газбен қамтамасыз етілуі 97 пайызға жеткенін қуанышпен айтқым келеді», – деді. Думан Ғазиздің, бұдан бөлек, шалғай ауылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың қолдауын көріп келе жатқанын жеткізді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Тасқала ауданына соңғы үш жылда 160 мың жас маман жұмысқа келді. Осылайша аудандағы білімді жастардың қатары артты. 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасында қарастырылған «Ауыл – ел бесігі» жобасы осы аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға септігін тигізеді», деді ол. Бұдан соң сөз алған Ақмола облысының Максимовка елді мекенінде тігін фабрикасының жұмысын жүргізіп отырған «SAMHAT» ЖШС бас директоры Самал Тілеубаева алдымен съезге қатысушыларды Ақмола облысы тұрғындарының атынан партияның 20 жылдығымен құттықтады. Кәсіпкер еліміздің әрбір азаматының әл-ауқатын жақсарту мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске көрсетілетін қолдаумен біте қайнасып жатқандығына тоқталды. Сондықтан да партия бағдарламасында 2030 жылға дейін аталған саланы қаржыландыру деңгейін арттыру көзделген. – Бұл – салмақты көрсеткіш. Оған жету үшін нақты жұмыс жүргізу қажет. Партияда шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы жасақталған. Мемлекет қазірдің өзінде көмек көрсетуде. Нұрсұлтан Әбішұлы, заманның ең қиын уақыттарында Сіз шағын және орта бизнеске айтарлықтай қолдау көрсеттіңіз. Қазір ел экономикасының өсімін біздің кәсіпорынға қарап-ақ бағалауға болады, – деді кәсіпорын директоры. Айтса айтқандай, қазір «SAMHAT» аяқ киім фабрикасының өнімдері ішкі нарықпен қатар, көршілес мемлекеттерде де сұранысқа ие. Тіпті жергілікті өнімдердің алғашқы легі Беларусь еліне экспорттала бастаған. Фабрика директорының айтуынша, отандық өнімдер сапасы мен бағасы, дизайны бойынша импорттық өнімдерден кем түспейді. Одан әрі, Самал Тілеубаеваның Мемлекет басшысына «Сіз отандық өнімді тұтыну туралы жиі айтасыз. Біз, қазақстандық өндірушілер Сізге осындай зор қолдауыңыз үшін рахмет айтамыз» деген еді, Нұрсұлтан Назарбаев: «Өзгелер менің айтқанымды орындауға асығатын емес қой», – деп баяндамашының сөзін бөлді. – Тырысамыз, – деді күле жауап беріп, сөзін жалғай түскен С.Тілеубаева аяқ киім фабрикасының өнімдері отандық теріден тігілетінін, былтыр «Қазақстанның үздік тауары» конкурсында жүлдегер атанғандарын, компанияның елдегі индустриялық-инновациялық бағдарламаға белсене қатысатындығын, 2016 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 120 млн теңге көлемінде несие алып, тыныстарының кеңейе түскендігін айтып берді. Сонымен қатар фабрика директоры өз сөзінде отандық жеңіл өнеркәсіп саласындағы қиыншылықтарға да тоқталды. Атап айтқанда, ұзақ мерзімді несиелеу бағдарламаларының жоқтығы, кадр тапшылығы бұл саланың дамуына тежеу болып отырғанға ұқсайды. – Сіз бұған дейін де бірнеше рет айтқаныңыздай, экономик

Ұқсас жаңалықтар