Сонымен бірге, ол шығыс философы мен ұлы ойшылы - Әл-Фарабидің есімі берілген ҚазҰУ әлемде кеңінен танымал екендігін атап өтті. Университет түркі елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша үлкен жұмыс атқарып келеді. Ал университеттің жетекші позициялары - мемлекет тарапынан адам капиталын дамытуға ерекше назар аударылуда екендігінің және де қазақстандық жоғары білім жүйесінің биік деңгейінің белгісі.
Айта кетерлігі, Түркі халықтарының дүниежүзілік конгресі - халықаралық қоғамдық бірлестік. Оның қызметі түркітілдес мемлекеттер арасындағы білім, ғылым және мәдениет саласында ынтымақтастық пен достық қатынастарды нығайтуға бағытталған.
kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Хабарландыру
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді