Қазақстанда 20 цифрлық және 4 мың дамыған ферма пайда болады 

Қазақстанда 20 цифрлық және 4 мың дамыған ферма пайда болады 
ашық дереккөз
Қазақстанда 20 цифрлық және 4 мың дамыған ферма пайда болады 

Елімізде алдағы 5 жылда 20 цифрлық ферма мен 4 мың дамыған ферма пайда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саладағы мемлекеттік қызмет те түгелдей автоматтандырылады. Бұл – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында қол жеткізілетін нәтиже.

Ауыл шаруашылығы саласын оңтайландыру – заман талабы. Бүгінде Канада, Түркия, Австралия, Германия және АҚШ-та жедел онлайн-несиелеу, өнім көлемін болжау және бағаны бақылау қалыпты жағдайға айналған. Елімізде де оң тәжірибе кәдеге жаратылмақ.

Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру

2022 жылы елімізде 2000 дамыған ферма бой көтереді. Қазір Қазақстанда 114 дамыған және 10 цифрлық фермалар жұмыс істеп тұр. Жергілікті жерлерде алға жылжушылық байқалады. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі онлайн оқыту, онлайн-несиелеу үрдісін қолға алмақ. Уақытты үнемдеп, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған бастама шетелдік тәжірибеге негізделген. Ал келесі жылы кей өңірлерде жерді электронды түрде бөлу бойынша пилоттық жобасы қолға алынбақ. Сәтін салса, 2021 жылы жүйе толықтай автоматтандырылады. Дәл осы жылы электронды сауда үрдісін енгізу көзделген. Мақсат – өнім көлемін 3 пайызға жеткізу.

Агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мемлекеттік қызмет көрсетудің 101 түрі түгел автоматтандырылады деп жоспарланған. Біріншіден мемлекеттік қызмет пен есеп-қисап, электронды сауда бағыты, одан кейін агроөнеркәсіп кешеніне цифрлы технологияларды енгізу бойынша жүзеге асырылады.

Жомарт елдер көшін Нидерланды бастайды

2022 жылы жалпы тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2016 жылға шаққанда, 26 пайызға артылмақ. Ranking.kz деректеріне сүйенсек, биылғы алғашқы жартыжылдықта шетелдік инвесторлар қазақстандық жобаларға 12,3 млрд доллар қаражат құйған. Оның 92 пайызы 10 мемлекетке тиесілі. Көш басында – Нидерланды. Олар құйған қаражат 4 млрд долларға жақындаған. Екінші орында – АҚШ. Олар шамамен 3 млрд доллар құйды. Швейцария 1,3 млрд доллар бөлді. Көршілес Ресей де 821 млн доллар құйған. Инвесторларды қызықтырған салалар сан қилы. Голландиялықтар мен американдықтар тау-кен саласын дамытуға үлес қосса, Швейцария өндіруші салаға ден қойған. Аталған он елмен сыртқы сауда айналымы 38,4 млрд доллардан асты. Көш басында маңызды стратегиялық серіктесіміз Ресей тұр.

Газбен қамту жүйеленеді

2019 жылдың басында тауарлық газдың түпкілікті құны 12-22%-ға арзандайды. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Бүгінде тауарлық газ тұтыну көлемі 13,8 млрд текше метрге жеткен. 11 облыстағы 1 320 елді мекен көгілдір отынды пайдаланып отыр. Ал 2030 жылға қарай газдандыру деңгейі 56%-ға жетпек. Демек тағы 1,5 мыңнан астам елді мекен газбен қамтылады. Сондай-ақ елімізде «Сарыарқа» магистралды газ құбырының жобасы жүзеге асырылмақ. Бірнеше кезеңге жоспарланған жоба негізінде Қызылорда облысындағы Қараөзек кен орнынан басталатын газ құбыры Жезқазған, Қарағанды, Теміртау арқылы Астанаға жеткізілетін болды. Екінші кезеңде Астана мен Көкшетау, үшінші Көкшетау мен Петропавл арасы қамтылады. Алғашқы кезеңге 267,3 млрд теңге қарастырылып отыр.

Өскеменде сатушысы жоқ ерекше дүкен ашылды. Ал тұтынушылар сөрелерден өзіне керекті заттарын алып, ақшасын қасында тұрған арнайы қорапқа салып кетеді. Әр заттың бағасы көрсетілген. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызының айтуынша, бастама адам бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

24.kz

Ұқсас жаңалықтар