Жамбылдағы жаңа нысандар

Жамбылдағы жаңа нысандар
ашық дереккөз
Жамбылдағы жаңа нысандар
Қала іргесіндегі 4 мыңға жуықа халқы бар Бектөбе ауылының тұрғындары ем-дом қабылдау үшін бұдан былай облыс орталығына қатынамайды. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аталған ауылда бір ауысымда 15 келушіні қабылдауға арналған дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді. Мереке қарсаңында пайдалануға берілген нысанның ашылу салтанатында аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев, ауыл ақсақалы Райымбек Қосымбеков сөз сөйлеп, тұрғындарды нысанның ашылуымен құттықтады. Құрылысы ақпан айында басталған аталған нысанның жобалық құны – 89, 132,7 мың теңгені құраған. Құрылыс жұмыстарын «Әсем Билдинг» ЖШС жүргізген. Бұл күні сондай-ақ Бесағаш ауылында да 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның ашылды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Бұдан кейін, денсаулық сақтау нысанының бас дәрігері Алтай Саурықов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жетібай Бөрібеков сөз алып, елді мекенде аталған нысанның бой көтеруіне ықпал еткен азаматттарға алғысын білдірді. Айта кетейік, «АКМ ГРУП» ЖШС құрылысын жүргізген нысанның құны – 37820 мың теңгені құрайды. Қараой ауылдық округіне қарасты Қала маңы ауылының тұрғындары да дәл осындай қуанышқа ие болды. Бұл елді мекенде де  құны - 34 994 мың теңгені 15 емделушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдырәліұлы, аталған нысанның аға дәрігері Ерғали Исмайлов, ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Абай Мадалиев, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Махмұд Баталов және еңбек ардагері Пернегүл Әменова, «АКМ ГРУП» ЖШС-нің басшысы Кемелхан Әбиев сөз сөйледі. Мереке қарсаңында сонымен қатар заман талабына сай салынған жекеменшік балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Қызылқайнар ауылындағы «Мөлдір» жекеменшік бөбекжайдың ашылуында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов жерлестерін жаңа балабақшаның пайдалануға берілгенімен құттықтап, жеке кәсіпкер Айсұлу Раеваға алғыс айтты. Бұдан кейін ауыл қариялары Мәткерім Зауырбеков пен Клара Сейітқасымова бата беріп, балабақша іші балалар күлкісіне толсын деген жылы лебіздерін білдірді. Айта кету керек, бұл бөбекжай 150 балаға арналған. Бүгінде мұнда 8 топ жұмыс істеуде. Дәл осы күні ел игіліне берілген Түрксіб ауылындағы 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жаңа ғимараттың құрылысына 34 957 мың теңге қаражат жұмсалыпты. Тұрғындардың көптен күткен қуанышты сәтіне аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова арнайы қатысты.  

Есен ӨТЕУЛИЕВ

Жамбыл ауданы

Ұқсас жаңалықтар