Елбасы: Қазақстан-Қытай қатынастары дұрыс бағытта дамып келеді
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2018
- 195
«Қытайдың жүктері Қазақстан арқылы Еуропаға шамамен 15 күннің ішінде жеткізіледі. Ал теңіз жолымен оған 4-6 апта кететін еді. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақ аясында басқа да маршруттар салынып жатыр. Индустрия мен инвестициялар саласында бірлескен бағдарлама бар. Соның аясында Қазақстан мен Қытайдың 51 жобасы қолға алынды. Оның жалпы құны 27 млрд доллардан асады. Осының өзі инвесторлар тарапынан сенімнің бар екенін, Қазақстанда инвестициялық климатты жақсартуға ерекше көңіл бөлінетінін көрсетсе керек. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша біз осы аймақта бизнесті жүргізу жағынан көш бастап тұрмыз. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының инвестициялар комтетіне кіреді. Бұдан бөлек, біз xалықаралық инвестициялар декларациясына қосылдық. Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс істеп келеді», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жекешелендіру науқаны аясында, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде де ортақ жобаларды қолға алуға болатынын жеткізді.
«Бізде «Астана» халықаралық қаржы орталығы бар. Ол жерде Лондон, Сингапур, Дубай мен Нью-Йорктың озық тәжірибесі жинақталған. Тәуелсіз сот, xалықаралық арбитраж, судьялар ашықтық пен әділдікке кепілдік бере алады. Инвесторлардың құқықтары толығымен қорғалады», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, аталған шара «Бір белдеу - бір жол» бастамасының бес жылдығына арналып отыр. Оны Қытай басшысы Си Цзиньпин Қазақстанға жасаған сапары кезінде жариялаған болатын.Ұқсас жаңалықтар
Хабарландыру
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді