Біртанов дәрігерлердің айлығын көтеру үшін қандай шаралар қарастырылғанын айтып берді
- author «Ақ жол»
- 5 қыркүйек, 2018
- 516
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің айлығын көтеру үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, жүйелі түрдегі медициналық қызметкердің айлығы туралы да айту қажет.
«Біз мемлекеттік Денсаулық сақтау бағдарламасы негізінде арнайы шараларды жоспарлағанбыз. Әр медициналық мекеме өз мүмкіндіктеріне қарай айлықтың деңгейін өздері белгілейді. Қазір мемлекеттік ұйымдардағы 85 пайыз жаңа формаға көшті. Содан біз ай сайын мониторинг өткіземіз. Әрине, кадр тапшылығы жылдам шешіліп жатыр деп айтуға болмайды. Бірақ, көп жағдайда әкімшілік шығыстарды, көп ұйымдардың санын қысқарттық. Осы арқылы дәрігерлердің айлығын көбейту мүмкіндігі бар. Соны біз бақылап отырмыз», - дейді министр.
Елжан Біртанов сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек деңгейінде жалпы практикалық дәрігер, учаскелік дәрігер мен мейірбикелердің жалақысын көтеру үшін ұсыныстар енгізілгенін тілге тиек етті.
«Жаңа технология енгізіп жатқан әріптестерімізге келесі жылдан бастап жалақысына қосымша төлем енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. Айтып өткеніміздей көп жағдайда дәрігерлерге түсетін жүктеме өте жоғары. Оған дәлел ретінде поликлиникада кезекті көп күтіп отырған азаматтарды айтуға болады. Әрине, біздің стандарт бойынша әр дәрігерге тіркелген халықтың саны 1 700 адамнан аспауы керек. Бірақ, өкінішке қарай дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты қазіргі күні бұл көрсеткіш 1 950 адамнан болып тұр. Біз оны бақылауға алып отырмыз. Ай сайын мониторинг жасалады. Бір жылдың ішінде бір дәрігерге түсетін жүктеме 60 адамға азайды. Нәтиже ретінде көріп отырмыз, профилактикалық қызметтердің саны 23 пайызға көтерілді. Ол алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарып келе жатқанын көрсетеді», - деді Елжан Біртанов.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




