Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөз
Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 5 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің бес қаласында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Атап айтқанда, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл және Орал қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Еліміздің өзге қалаларында жағымсыз метеожағдайлар күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар