Азат еліміздің ата заңының абыройы арта берсін!

Азат еліміздің ата заңының абыройы арта берсін!
ашық дереккөз
Азат еліміздің ата заңының абыройы арта берсін!

Облыс әкімі А.Мырзахметовтің, облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақовтың облыс тұрғындарын Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтауы

Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді қоғамдағы саяси тұрақтылықтың, азаматтық татулық пен ұлттық келісімнің кепілі болған мерейлі мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Айтулы мереке 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңын қабылдап, әлемге өзін құқықтық, зайырлы, әлеуметтік және демократиялық мемлекет ретінде жариялаған ұлық мереке. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды. Осының бәріне ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың дәйекті саяси еркі, сол сияқты Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында қол жеткізгендігіміз даусыз. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі, Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Конституцияның даму тарихын саралағанда, оның негізгі даму үрдісіне тигізетін әсеріне адамдық және азаматтық құқықтар мен бостандықтарға каншалықты кепіл бере алатындығына айрықша назар аударамыз. Осы ретте, өңірімізде жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мақсаттағы нысандар бой көтеруде, өндіріс, басқа салалар да дамуда. Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді. Қымбатты жамбылдықтар! Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар