«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бейжіңде тұңғыш жеке домбыра курсы ашылмақ

Бейжіңде тұңғыш жеке домбыра курсы ашылмақ
ашық дереккөз
Бейжіңде тұңғыш жеке домбыра курсы ашылмақ
Бейжіңде  жуырда тұңғыш жеке домбыра курсы ашылады. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра. Домбыра бүгінде күллі әлемге танымал. Екі ішектің көмегімен-ақ бар қазақтың мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін жаһанға жырлады. Қазақтың қара домбырасы әлемнің ең үлкен, беделді, сыйлы сахналарынан көрінді. Асыл аспабымыз бүгінде қазақтың ең үлкен мақтанышы болып табылады. Өзге елде домбыраны дәріптеп жүрген қандастарымыздың айтуынша, шетелдіктер арасында домбыраға қызығушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе көршілес қытайлықтар ұлттық аспабымызды үйренуге ерекше құштарлық танытуда дейді. Бейжіңде жуырда тұңғыш жеке домбыра курсы ашылды. Мұнда Мұрал есімді қандасымыз дәріс өткізеді. Мұрал былтыр Орталық ұлттар университетін музыка мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазір домбыра үйретіп, нәпақасын тауып жүр. Мұндағы бас мақсат - пайда табу емес, ұлттық өнерді дәріптеу. Қазақтың қара домбырасын қалың жұртқа мойындатсам деген арманы бар. Ол үшін домбыра ерекше орында. Мұралдың дәрісі аптасына 2 сағаттан 3 рет өтеді. Үш тобы бар. Біреуінде - тек қазақ балалары, біреуі - аралас, енді біреуінде - тек қытайлар. Жалпы алғанда 40-50 шәкірті бар. Шәкірттерінің ішінде асыл аспабымызға ерекше қызығушылықпен қарап, бар ынтасын салып үйренетіндер қытайлар екен. Олар өздеріне таңсық аспапқа әрі таң қалады әрі тамсанады. «Домбыраны алғаш университетке, музыка мамандығына сынақ тапсырғалы келгенде көрдім. Менімен бірге сынаққа келген қазақ студенттері дыңғырлатып отыр екен. Олардан бір мелодия ойнап беруін өтіндім. Ұйып тыңдадым. Небәрі екі ішектен сонша әуен қалай шығады екен деп таң қалғанмын. Сол сәттен бастап, бұл ғажап аспапқа қызығушылығым туды», - дейді жергілікті тұрғын Ван Чжоули. «Бұлардың мәдениетімен біздің мәдениет ұқсамайды. Сондықтан олар көшпенді халық мәдениетіне қызығады. Қытайды біздің жайлауға апарсаң, атқа мінгісі келеді ғой. Сол секілді домбыраға да қатты қызығады», - дейді Мұрал Бимұратұлы. Мұрал кәсібінің пайдасы ұшан-теңіз емес, бірақ нан табуға жететінін айтады. Жырақта жүрген қандасқа домбыра тән азығынан көрі, жан азығын молынан береді. Қасиетті аспабымыз әлемге танылып, қазақтың абыройы асқақтаса болды, еркектің қолына бір күрек қашан да табылады дейді қандасымыз. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар