Кәсіпкер Ресейде 48 жолаушыны құтқарған семейлікке 1 млн теңге берді
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2018
- 213
Қала басшысы бейбіт күннің батырын жеке қабылдады. Ермак Бидахметұлы азаматтық, ерлік танытқан үшін Ержанға ризашылығын білдірді.
«Саған азаматтық көрсеткенің үшін алғыс айтамын. Нағыз ер жігітке тән қасиет таныттың. Кез-келген адам өз басын қатерге тігіп, ерлік жасай бермейді», - деді қала әкімі.
Қазіргі уақыттта жанып кеткен барлық құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Новосібір қаласынан көлік алуға деп жинаған қомақты қаржысының жанып кетуіне байланысты, жергілікті кәсіпкер «Гордорстрой» ЖШС директоры Бауыржан Қайрамбаев 1 миллион теңге берді.
Қала әкімі Ермак Сәлімов оның жеке өмірі, отбасы туралы біліп, жергілік билік көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Бүгінде Ержан бос уақытында жас спортшыларды күреске жаттықтырумен айналысады. Бұл бағыттағы жұмыстарына алдағы уақыттта Ермак Бидахметұлы қолдау білдіретінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Хабарландыру
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді