Домбыра мен скрипка

Домбыра мен скрипка
ашық дереккөз
Домбыра мен скрипка
– Ассалаумағалейкум, Қобыз! – Қобыз? – «Қобызың» не, ей, доңыз?! – А, кешіріңіз, – Сонда кімсіз? – Батыстың ұлы аспабы – скрипка дегенің мен боламын. Шопен, Бетховен, Бах та Өлмес туындыларын сомдаған. Ал сен кімсің? Бұнда қайдан жүрсің? – Мен өз ел, Өз жерімде тұрмын ғой. Қазақтың өлмес Рухымын деп жүрмін ғой. – Сен бе? – Иә, мен: «Екі ішектің бірін тарт та, Бірін сәл-сәл кем бұра, Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! – Құрманғазы мен Әміренің Көзі екенсің ғой, тіпті. Талап-талғамы мықты Француздарды мойындатқан Нағыз қазақтың өзі екенсің ғой! – Иә, иә, «Мың өліп мың тірілген» қазаққа, Серік болған домбырамын. Хан баласы өлгенде, Естіртуге келгенде Шындықты айту тыйылса да, Көмейіме ыстық қорғасын құйылса да, Араша түсіп халқыма Өз-өзіме берік болған домбырамын. – Бірақ сен Конгресс-холда болмадың ғой, Бірде-бір сыйлық алмадың ғой. – Қандай холл, қандай сый? – Меценаттар тағайындаған «Тарлан», Саф алтыннан құйылып, көздің жауын алған. – А, мен онда барғам, Еңбегім бағаланбаған соң, Жанарыммен жер шұқып қалғам. – Қазақтарға сіңбесе де еңбегім, Маған «Тарлан» бергенде өз көзіме сенбедім. Барлығынан биік тұрдым, ерледім. – Иә, кенеле бер ырысқа, кеудені тік ұста, Сенің шыққан жерің Шығыста, Қобыз бабамыздан бастау алып, Скрипка атанғаныңды ұмытпа! Біле білсең, тегін ұмытқан тексіз, ...Қазаққа домбыраның қасиеті шексіз! * * * Деп домбыра өзімен рухтас аспапты, Жақсы қасиеттерге үндеген еді. Арада аз жыл өткенде мерейі өсіп, Домбыра күні тойланатынын білмеген еді! Бақытжан СОВЕТҰЛЫ, ақын.

Ұқсас жаңалықтар