Елорда шежіресі

Елорда шежіресі
ашық дереккөз
Елорда шежіресі
2013 ЖЫЛ =3 қаңтар – Мәскеу қаласында өткен «ХХІ ғасыр мегаполисі: қала және балалар», «Өмір сүргің келетін қала» конкурстарында Астана қаласы лауреат атанды. =19 ақпан – Астанада «Қазақстан – Франция» халықаралық сурет көрмесі ашылды. =16 наурыз – Талай талант түлеп ұшқан Қазақ ұлттық өнер университеті 15 жылдық мерейтойын атап өтті. =13 сәуір – Астана туристік қалалардың беделді Бүкіләлемдік федерациясы құрамына енді. =25 мамыр – үш күнге созылған VІ Астана экономикалық форумы мен дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы «G-global» форматты көшбасшылар диалогімен аяқталды. =8 маусым – Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық Қазақ драма театрында халық ауыз әдебиетінің інжу-маржаны – «Қыз Жібек» махаббат дастаны жаңаша қойылды. =4 шілде – мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесер рәсіміне қатысты. =21 тамыз – Тамыз мәслихаты қарсаңында елорда әкімі үздік педагогтерді Үкімет наградаларымен марапаттап, 10 ұстазға пәтер кілтін тапсырды. =19 қыркүйек – Қазақстан 2017-2018 жылдары болатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды. =12 қазан – елордада Сарыарқа – Тұран даңғылдарын жалғайтын Есіл өзені үстінде жаңа көпір ашылды. =7 қараша – «ЭКСПО-2017» көрмесінің ең үздік эскиз-идеясын анықтайтын 105 компания қатысқан халықаралық байқауда АҚШ сәулетшілері ұсынған жоба үздік атанды. =14 қараша – Санкт-Петербург қаласында «Астана» сауда-іскерлік орталығы ашылды. =3 желтоқсан – VІ халықаралық байқауында Астана ТМД-дағы ең үздік қала деп танылды. =12 желтоқсан – Астана қаласында азаматтық және әскери арнаулы машина құрастыратын зауыттың іргетасын қалау салтанаты өтті.

Ұқсас жаңалықтар