Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер тәжірибе алмасу мақсатында Малайзияда оқытылатын болады

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер тәжірибе алмасу мақсатында Малайзияда оқытылатын болады
ашық дереккөз
Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер тәжірибе алмасу мақсатында Малайзияда оқытылатын болады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Айгүл Шәймова бастаған делегация Малайзияның Мемлекеттік қызмет департаментінің бас директорының орынбасары Дато Нор Инчун Мохамед Саллихпен кездесті.

Бұл туралы  ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Қазақстан мен Малайзия арасындағы мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім жасалды. Аталған келісім қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді Малайзияның Мемлекеттік басқару ұлттық университетінде оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, малайзиялық мамандар осы саладағы озық тәжірибелер туралы ақпарат және тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанда тренингтер мен дәрістер өткізеді»,-делінген хабарламада.

Кездесу барысында малайзиялық тарап қазақстандық делегацияны мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибелерімен таныстырды.

Өз кезегінде Қазақстан делегациясы малайзиялық әріптестерін кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау шаралары туралы хабардар етті.

Кездесу соңында тараптар екі елдің ведомстволары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға уағдаласты.

Ақпарат көзі;stan.kz

Ұқсас жаңалықтар