Туған жер тағылымы

Туған жер тағылымы
ашық дереккөз
Туған жер тағылымы

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүре­гінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деп тебіренген-ді.

Талас ауданы Есейхан би ауылдық округіне қарасты Қараой ауылының ақсақалдары өткен жылы өңірдің өткені мен бүгінгісін түгендеп, келешек ұрпаққа аманаттау үшін кітап жазуға ниеттенген еді. Ақсақалдар Баршағали Қапсаланов пен Ілиясбек Жуасбеков бұл істі журналист, өлкетанушы Сәулембай Әбсадықұлына сеніп тапсырған. Көп ұзамай ойлағандары жүзеге асып, «Біз – Қараойданбыз» деген жинақ жарық көрді. Кітапқа осы өңірге қатысты тарихи оқиғалар, шежірелер, аңыз әңгімелер енгізілген. Белгілі тұлғалар, Бақтиярұлы Ойсылдың ұрпақтары, сіргелілер туралы мол мағлұматтар бар. Жақында Қараой ауылының тұрғын­дары Қаратау қаласындағы «Жетіру» мейрамханасында кітаптың тұсаукесерін өткізіп, қуаныштарымен бөлісті. – Кітапты шығарудағы мақсатымыз – перзенттік парызы­мызды өтеп, бүгінгі жастар­дың туған жерге деген сүйіспен­шілігін қалыптастыру. Жинақтағы Бораш, Сырымбет, Тоғанас, Елшібек және өзге бабаларымыз ғана емес, Шәңке би, Боранбай хан, Керімқұл датқа, Жарас бақсы жайлы аңыз әңгімелер кімді де болса бейжай қалдыр­майды деп ойлаймыз, – дейді Баршағали Қапсаланов.

«Аq jol-Ақпарат».

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар