Бүгін Жамбылда қатты жел тұруы ықтимал

Бүгін Жамбылда қатты жел тұруы ықтимал
ашық дереккөз
Бүгін Жамбылда қатты жел тұруы ықтимал
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды "Қазгидромет". Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін, 12 наурызда еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын болады, оңтүстік пен шығыста қатты жауын жауады. Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, дауыл болады. "Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жыдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, кей жерлерде 25 метр болады. Жамбыл, күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді", - деп ескертті мамандар. Сонымен қатар, Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің екпіні секундына 15-20 метр, Ақтөбе облысының кей жерлерінде 18 метр болады. Толығырақ: tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар