Жабырқау жандарға жылу сыйлады

Жабырқау жандарға  жылу сыйлады
ашық дереккөз
Жабырқау жандарға жылу сыйлады

Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Жанар Орынбаева – тұрғындармен жиі кездесіп, мәселелерін тыңдап тұратындықтан, қоғам қолдауына мұқтаж жандардардың жайын жақсы түсінеді.

Облыстық «Аq jоl» газеті «Наурыз – ізгілік айы» акциясын ұйымдастырғанда көп ойланып жатпастан, редакциямызға арнайы хабарласып, қолдан келген көмегін аямайтынын жеткізді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ол аз қамтылған, толық емес бес отбасына көмек қолын созып, жаны жабырқау жандардың жағдайын біліп қайтты. – Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі. Бұл күні қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмайтын шығар, сірә. Жақсы тілек тілеу, қайрымдылық жасау – мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Мұқтаж адамдарға көмек қолымызды созу әрбіріміздің парымыз деп ойлаймын. Сондықтан наурыз айында «Аq jоl» газеті ұйымдастырған қайырымдылық шарасына атсалысып, туғаннан мүгедек жандардың үйіне барып, ата-аналарымен жүздесіп, көмектесуді жөн көрдік, – дейді Жанар Рымбекқызы. Адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі – қайырымдылық. Қамқорлыққа зәру жандарға жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске қолынан келгенше көмек­тесу – азаматтық парыз. Әрине, өзіңде барды өзге­мен бөлісу – жомарттықтың белгісі. Қашан да алған қолдан берген қол қайырлы болары сөзсіз.

Камила Борашова

Ұқсас жаңалықтар