«Қазақ Мессиі» ұлттық құрамаға шақырту алды 

«Қазақ Мессиі» ұлттық құрамаға шақырту алды 
ашық дереккөз
«Қазақ Мессиі» ұлттық құрамаға шақырту алды 
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов «Уфа» клубының ойыншысы Еркебұлан Сейдахметті Венгрия және Болгарияға қарсы жолдастық кездесулерде ойнауға шақырған «Тараз» клубының 17 жастағы шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» командасымен келісімшартқа отырған болатын. Жақын уақытта ол Қазақстан құрамасының сапында ойнауы мүмкін.
«Сейдахметтің шақырту алғанын растаймын. Мен оған футболдың жауапкершілігі мол жұмыс екенін түсіндіргім келеді. Қазір оның айналасында көптеген шу, фотосуреттер, әңгіме өрбіп жатыр. Бұл циркті тоқтату керек. Ол «Уфа» сапында әлі ешқандай ойын ойнамады», - деді ол.
 

Дерккөз:baq.kz

Ұқсас жаңалықтар