Жерге магниттік дауыл жақындап келеді

Жерге магниттік дауыл жақындап келеді
ашық дереккөз
Жерге магниттік дауыл жақындап келеді
Наурыз айының 18 күні Жер шарында аса қуатты магниттік дауыл болмақ. Күн жүйесінің кезекті жарқылы есебінен ғарышқа үлкен көлемдегі күн плазмасы таралмақ. Cонымен қатар 14-17 наурызда күрделі геомагниттік өрбу күтілуде. Күнде болатын кезекті жарқыл кесірінен ғарышқа үлкен көлемдегі күн плазмасы бөлінбек. Соңғы айларда болған күн плазмасының алғашқы бөлінуі 12 ақпан күніне келді. Күннің рентгендік астрономия лабороториясының мәлімдеуінше, плазма Күн мен Жердің арасындағы қашықтықты бағындыруға бір тәулік қана жұмсаған. Әдетте бұл процесс екі немесе төрт күнді қажет етеді дейді мамандар. Магниттік дауылдар электроника және байланыс қызметінің жарамсыз болып қалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, 1989 жылы аса қуатты магниттік дауыл канадалық провинция Квебектегі энергожүйесіндегі трансформаторлардың күйіп кетуіне түрткі болды. Жер атмосферасы үлкен дәрежеде қызып жоғары көтеріліп кетті. Нәтижесінде төменгі қабатта ұшып жүрген спутниктер өз орбиталарынан тайып, тіпті кейбіреулері жоғалып кеткен-ді. Магниттік дауылдардың адамның сана сезіміне де үлкен әсер ететіні дәлелденген. Тіпті олардың кесірінен зардап шегетін адамдар категориясы да бар. Оларды "метеотәуелді адамдар" деп атайды. Магниттік дауыл кезінде оларды бас ауру, өздерін жаман сезіну, денсаулықтарының төмендеп бара жатқанын аңғару деген сияқты проблемалар жиі мазалайды. Дереккөз: NUR.KZ

Ұқсас жаңалықтар