Алаш қайраткерлері латын қарпін қолданған

Алаш қайраткерлері  латын қарпін қолданған
ашық дереккөз
Алаш қайраткерлері латын қарпін қолданған
photoЖалпы, қазақ тілінің тарихына сәл шегініс жасасақ, 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деп, латынға көшудің қажеттілігін атап өтті. Өз тарихында қазақ тілі бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткерген қазақ тілінің әліпби жүйесі ұлттық әліпби деңгейіне жетті. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1940 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан кирилл қарпіндегі қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақта әртүрлі жүргізілді. Мысалы, кирилл жазуы ресми түрде Қазақстанның бүкіл аймағында және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінде бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады. Сонымен қатар, Түркия, Германия, АҚШ, тағы басқа батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын қолданады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Сол елдер арасындағы Өзбекстан қолданып отырған латын әліпбиін алатын болсақ, онда арнайы символдар мен диакритикалық белгілер жоқ, тек апострофтар бар. Классикалық латын әріптерімен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болуы есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Байқап отырсақ, елі үшін жанын қиған алаш қайраткерлері де латын қаріптерін қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Қазіргі таңда ұялы телефонға арнайы смс хабарламалар, жарнамалар латын қарпімен жазылып келеді. Сонымен қатар, интернет желілерінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған. Бірақ, бұл аудармашы тек орыс тіліне ғана арналып жасалған. Болашақта қазақ тіліне де арналып жасалады деген ойдамыз. Әрине, бүгінгі таңда латынға көшу мақсатындағы бастапқы жұмыстар атқарылып отыр. Соның ішінде, Ш.Шаяхметов атындағы орталық ұсынған латын әліпбиінің екі нұсқасы мен Тіл білімі институты ұсынған соңғы нұсқа көпшілік арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Біздің ендігі мақсатымыз – ұсынылған осы нұсқалар арасынан ең дұрысын таңдап, соны неғұрлым сапалы әрі жылдам іске асыру болса керек.

Айгүл Әбілдаева, ағылшын тілі маманы, педагогика ғылымдарының магистрі.

Ұқсас жаңалықтар